Бүгін Орал қаласында іскер әйелдердің басын қосқан «Еңбегі жанған арулар - 2025» атты форум өтті.

Форум Қазақстан іскер әйелдері қауымдастығының 30 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Қоғамға өлшеусіз үлес қосып жүрген әйелдер бас қосқан шарадан жаңақалалық нәзік жандылар да қапы қалмады. Олардың қатарында жеке кәсіпкер Әсел Бақтығұмарова мен Зарина Даумова және аудандық аналар кеңесінің мүшесі Рабиға Сағынғалиқызы болатын. Жиын барысында үй мен түздің шаруасын қатар алып жүретін, нәзіктік пен табандылықтың үйлесіміне айналған әйелдер туралы сөз қозғалып, бейнероликтер көрсетілді.

Сондай-ақ, әр ауданнан жиналған кәсіпкерлер өз ойларын ортаға салып, түрлі сауалдарды бірлесе талқылады. Кеш соңында Рабиға Сағынғалиқызын Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің алғысхатымен марапаттады. Сұлулық пен сұңғақ ойы қатар жүретін әйелдер – ел тірегі екені айдан анық.