«Ақ бидай» ауыл спорты ойындарының шағын футбол бәсекесі аяқталды.

Үшінші орын үшін болған кездесуде облыс аяқдопшылары Атырау футболшыларымен шеберлік байқасты.

Тартысты өткен ойында өңір командасы 3-2 есебімен жеңіске жетті. Біздің команда сапында екі голды Ерлан Сағындықов соқты.

Ойын түгесер шақта жеңіс голын ойын соңында Рысбек Қоңыров өз атына жазды.
Енді волейболшылар, гір тасын көтерушілер мен тоғызқұмалақ шеберлері жүлде таласына түседі.
Түгелбай Бисен
«Орал өңірі»