20.09.2025, 20:00
Оқылды: 729

Батыс Қазақстан облысының командасы «Ақ бидай – 2025» ауыл спорты ойындарының қола жүлдегері атанды

Алатау баурайын думанға бөлеген «Ақ бидай – 2025» ауыл спорты ойындары да мәресіне жетті.

d1f5f338-859b-4db7-a026-7b35242a83ef

Он күн бойы алаштың әр түкпірінен келген атойлы атлеттер Алатау баурайын дүбірге бөлеп, қалың жұртты спорттың құдіретімен сусындатты. Елдің әр қиырынан ат арылтып жеткен спортшылардың бірі шеберлігін шыңдаса, енді бірі абыройын асқақтатты.

6bd13fa0-95e3-4629-b75e-31f7cc7f5d5b

Бұл жолғы ойындарда Жайық жағасынан келген спортшылардың жалынды өнері көпті сүйсінтті. Бұған дейін жалпы есептің төменгі сатысынан көрініп жүрген олар осы жолы тың серпін танытты. Әр жарыс күні додаға жойқын жігермен кірген батысқазақстандықтар он күннің қорытындысында 385 ұпай жинап, жалпыкомандалық есепте үздік үштіктен ойып тұрып орын алды.

54496dc9-e396-4a06-98fc-456fe2680e87

Жеңістің биік тұғыры Түркістан облысына, күміс тұғыр – Алматы облысына бұйырды. Ал қола тұғырға көтерілген Жайық жігіттері мен қыздары жетістігі облыс спортының жаңа дәуірінің бастауы, ауыл спортының өрлеу дәуірінің белгісіндей болды.

Түгелбай Бисен

«Орал өңірі» 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале