26.09.2025, 11:15
Оқылды: 306

Жұбанға арналған жаңа кітап жарық көрді

Қазақстанның Халық жазушысы, КСРО және Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Жұбан Молдағалиевтің 105 жылдығына орайластырылған Ақжайық ауданындағы шаралар Жұбан орталығында экскурсиямен жалғасын тапты.

WhatsApp Image 2025-09-26 at 12.03.25
Жұбан орталығы – ұлы ақынның рухын асқақтатып, оның шығармашылығын жас ұрпаққа жеткізетін қасиетті қара шаңырақ. Орталық үш бөлімнен тұрады: Руханият залы, Желтоқсан жебесі және Жұбан бөлмесі.

«Тарихтың төрі – туған жер» көрмесі Жұбан Молдағалиевтің өмірбаяны мен туған өлкесінің тарихи-танымдық деректерімен таныстырса, «Ескірмейді естелік» сөресінде құнды жәдігерлер қойылған.

WhatsApp Image 2025-09-26 at 12.03.35

WhatsApp Image 2025-09-26 at 12.03.40 WhatsApp Image 2025-09-26 at 12.03.41 WhatsApp Image 2025-09-26 at 12.03.26

Жұбан бөлмесі – ақынның жеке заттары мен кітаптары, көзілдірігі мен үстелі, фотошежіресі арқылы оның рухына қайта қауышатын ерекше орын. Мұнда келушілер «Қаламгер» киносынан үзінділерді тамашалап, ақынның шығармашылығымен тереңірек таныса алады. Әнуар Аманжолов Жұбан ақынды сомдап, «Туған ауылымда» өлеңін оқып берді.

WhatsApp Image 2025-09-26 at 12.03.32 WhatsApp Image 2025-09-26 at 12.03.31
«Желтоқсан жебесі» бөлмесінің безендірілуі, аты атап тұрғандай, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының рухын еске салады. Жұбан ақынның батыл қадамы, қазақтың әділетсіздікке қарсы тұруы мен ұлт намысын қорғауы осы бөлімде көрініс тауып, мұнда Ақұштап Бақтыгерееваның «Ерлікті көзбен көрген күн» өлеңі оқылды.

WhatsApp Image 2025-09-26 at 12.03.47 WhatsApp Image 2025-09-26 at 12.03.46
Осы орталықта «Жұбан Молдағалиев. Естеліктер. Тарихи-ғұмырдеректік анықтамалық» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Жаңа кітаптың лентасын Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданының Құрметті азаматы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлық, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы мен «Құрмет», «Отан» ордендерінің иегері, ақын Ақұштап Бақтыгереева, Қазақстан Жазушылар Одағының Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы, Қазақстан Жазушылар, Журналистер Одақтарының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері, жазушы-журналист Бауыржан Ғұбайдуллин қиды.
Бұл еңбек алғаш рет ақынның 100 жылдық мерейтойы қарсаңында жарық көрген. Жаңа нұсқасына Жұбан Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығына қатысты тың деректер, көзкөргендердің естеліктері, жаңа мағлұматтар енгізілді. Сондай-ақ басылым парақтарынан ақынның туған жерінің тарихына қатысты географиялық атаулар мен елді мекендер туралы құнды деректер де табылады.
Аталған еңбектің жарық көруіне Ақжайық өңіріне қатысты жиырмадан астам тарихи-танымдық жинақтардың авторы, Ақжайық ауданының Құрметті азаматы, жидашы-қаламгер Бақтығали Қоспаевтың сіңірген еңбегі орасан.
Кітаптың таныстырылымында Жұбан Медетов есімді жасөспірім Жыр-Жұбанның «Мен қазақпын» поэмасынан үзінді оқып берді. «Ақжайықтың шағаласы» атанған Ақұштап Бақтыгереева бала Жұбанға батасын беріп, осы шараға арнайы келген ақын аттас ұлдарға сыйлық табыстады.

WhatsApp Image 2025-09-26 at 12.03.51 WhatsApp Image 2025-09-26 at 12.03.52
Шарада жылы естеліктерін ортаға салған Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Илья Жақанов Жұбан орталығына өзінің әндер жинақтары, кітаптарын табыс етті.

 

Нұрбек Ихсан,
Ақжайық ауданы

Суреттер автордікі 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале