29.09.2025, 16:30
Оқылды: 78

Жаңақала ауданында «Еңбек аллеясы» ашылды

Жаңақала колледжінде «Еңбек аллеясының» салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Ғұмар Руслан Қонысбайұлы, ардагер ұстаздар мен колледж ұжымы қатысты.

image-29-09-25-12-18-5

Салтанатты жиынды колледж директоры Ермекқалиев Самат Жөнібекұлы ашып, аллеяның жастарды еңбекке баулудағы тәрбиелік маңызына тоқталды. Одан кейін аудан әкімінің орынбасары Ғұмар Руслан Қонысбайұлы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларды осы игі бастамамен құттықтады.

image-29-09-25-12-18-4

Іс-шара барысында колледждің тарих пәнінің оқытушысы Анаргүл Сатқанова оқу орнының тарихына шолу жасап, «Еңбек аллеясының» мәні мен маңызын түсіндірді. Ардагер ұстаздар мен колледж қызметкерлері аллея аумағына ағаш отырғызды. Сонымен қатар колледж студенттері өндірістік шеберлерімен бірлесе жасап шығарған бұйымдарын «Мейірім марафоны» аясында Жаңақала ауданындағы «Жауқазын» бөбекжай балабақшасына сый ретінде тарту етті.

image-29-09-25-12-18-3

Мерекелік жиында ардагер ұстаздар сөз алып, жастарға жүрекжарды тілектерін арнады. Шара соңында аллеяның лентасы қиылып, қонақтар жаңа нысанды аралап көрді. Колледж ұжымы мен студенттері еңбектің қадір-қасиетін ұлықтайтын бұл аллея келешек ұрпаққа үлгі боларына сенім білдірді.

 

Аруғаным Қазиева,

Жаңақала ауданы

image-29-09-25-12-18-1

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале