Бүгін Орал қаласында Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастамасымен Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өңірлік өкілдері басқармасымен бірлесіп қаржылық қауіпсіздік бойынша «Өзіңді қаржылық алаяқтықтан қалай қорғауға болады» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

Семинарды БҚО бойынша ЭТТД басшысының орынбасары салтанатты түрде ашып, құттықтау сөзінде заң мен тәртіпті сақтау, цифрлық экономиканың қарқынды дамуы жағдайында қаржылық тәуекелдердің өсуіне байланысты мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл мен ақпараттық-ағартушылық жұмыстың маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара қаржылық пирамидалар мен дропперліктің тәуекелдері мен қауіп-қатеріне, азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған жобаларға, «Qaryzsyz Qоğam» әлеуметтік жобасына және интернет-алаяқтыққа арналды.
Семинарға бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, зейнеткерлер, студенттер, мемлекеттік органдардың өкілдері және қоғам қайраткерлері қатысты.

Іс-шара барысында спикерлер қаржылық алаяқтықтың алдын алу бойынша практикалық кейстерімен және пайдалы бастамаларымен бөлісті.
Семинар тәжірибе алмасу, ынтымақтастықты нығайту және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған бірлескен жобаларды әзірлеу үшін тиімді алаңға айналды.
Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің баспасөз қызметі