1.10.2025, 17:00
Оқылды: 49

Жәнібекте тағылымды кеш өтті

Жәнібек аудандық ардагерлер үйінде қазыналы қарттарымызға арналған тағылымды кеш өтті.

image-01-10-25-03-21-1

Шараның шымылдығын аудан әкімінің орынбасары Жаннұр Бекбауұлы жүрекжарды тілегімен ашты.

image-01-10-25-03-21-3

- Қазақ ежелден қариясын – қазына, ақылманын – дана деп білген. Сіздердің арамызда отырып, ақылдарыңызды айтып, баталарыңызды беріп отырғандарыңыздың өзі біз үшін зор қуаныш. Батагөй қарияның батасы түскен жерде береке орнап, жолымыз ашылары анық. Алдағы ғұмырларыңызда ұрпақ қызығына кенеліп, бейнетіңіздің зейнетін көре беріңіздер, - деді ол.

image-01-10-25-03-21

Ізгі тілектер легін «Ардагерлер ұйымы» РҚБ аудандық филиалдың төрағасы Амангелді Уәлиев жалғап, замандастарына лебізін арнады.

Кеште аудандық саз мектебінің директоры, өнер жанашыры Жақсылық Бисенғалиев төл туындысы «Біздің жақтың қарттары» әні мен аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпазы Асылан Боранбаевтың орындауындағы «Ағаларым» әні қариялардың жүректеріне жылы леп сыйлады. Ал зейнеткер күйші Шынтемір Рамазановтың күмбірлеген «Алатауы» мен жас домбырашы Жанерке Уәлиеваның шебер орындаған «Ер Тұраны» кештің ажарын аша түсті.

image-01-10-25-03-21-4

Ізгі дәстүр жалғасын тауып, аудандық саз мектебінің директоры Жақсылық Қаздұқұлы мен аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Мейрамхан Бапахов та қарттарға құттықтаухаттары мен сый-сияпаттарын ұсынып, ақжарма тілектерін жеткізді.

 

Арай Сейфолла,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале