
2008 жылы «Қазақстанның Еңбек ері» атағымен академик Аягүл Миразова марапатталды, ал 2018 жылы бұл жоғары атақ Шымкент қаласындағы А.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясының биология пәнінің мұғалімі Алина Соловьеваға берілді.
Арада 5 жылдан кейін 2023 жылы 5 қазанда абайлық мұғалім Алма Шүкіжанова марапатталды. 2024 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел тарихында алғаш рет бірден екі мұғалімге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен Алтын жұлдыз айрықша ерекшелік белгісін және «Отан» орденін тапсырды. Олар – Алматы қаласындағы №4 арнайы мектеп-интернатының математика пәнінің мұғалімі Гүлжанар Нұрпейісова мен Орал қаласындағы №34 мектеп-гимназиясының мұғалімі Эльмара Траисова.