9.10.2025, 9:00
Оқылды: 109

Елімізде ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың екінші кезеңі басталды

8-10 қазан аралығында Қазақстанда ауыл мектептерінің 9-11(12)-сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңі өтуде. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі жазды. 
_gluster_2025_10_9_f977439939eb7fb93bdba345f0841a88_1280x720
Сурет: gov.kz

Олимпиаданың басты мақсаты – ауыл мектептерінің оқушылары үшін тең мүмкіндік қалыптастыру, дарынды әрі академиялық қабілеті жоғары балаларды қолдау және олардың зияткерлік әрі кәсіби дамуына жағдай жасау.

Екінші кезеңге бірінші турда бақ сынаған 83 мың қатысушының ішінен іріктелген 62 мыңнан астам оқушы қатысуда. Сонымен қатар санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына және қатысушыларға жайлы жағдай жасауға ерекше назар аударылған.

Олимпиада 13 пән бойынша – алтауы жаратылыстану-математикалық және жетеуі қоғамдық-гуманитарлық бағытта – төрт кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңге қатысу үшін smart.daryn.kz сайтында 125 мыңнан астам оқушы тіркелді.

Аудандық сайыстың жеңімпаздары үшінші (облыстық) кезеңге қатысады. Ол қараша–желтоқсан айларында дәстүрлі форматта, екі тур бойынша өтеді. Ережеге сәйкес, әр облыстан 780 оқушы қатысады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале