12.10.2025, 9:00
Оқылды: 89

Казталовтық «Гүлдерайым» ансамблі республикалық байқаудан жеңіспен оралды

10 қазан күні Ақтөбе қаласында қазақтың ұлы композиторы, әйгілі дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған ансамбльдер мен жеке орындаушылар арасындағы республикалық байқау өтті. Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен келген өнер ұжымдары мен дарынды орындаушылар қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.

IMG-20251011-WA0019

Бұл додада Қазталов аудандық мәдениет үйінің Халықтық «Гүлдерайым» ансамблі жоғары өнер көрсетіп, «Дипломант» атағын иеленді. Ансамбльдің жетекшісі — Нұрия Самиғоллақызы Хабибулина. Музыкалық сүйемелдеушісі — Өтеген Төлепұлы Шоқпанов.

IMG-20251011-WA0021

Сондай-ақ жеке орындаушылар арасындағы байқауда Сыйлық Асқарқызы Құсайынова өз шеберлігін танытып, ІІ орын лауреаты атанды.

Бұл жетістік — аудан мәдениетінің дамуына үлес қосып жүрген өнерпаздардың еңбегінің жемісі. Ұжымның республикалық деңгейдегі табысы жас буынға шабыт беріп, ұлттық өнердің өрісін кеңейтуге үлкен серпін берері сөзсіз.

Нұр Рахман
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале