15.10.2025, 12:30
Оқылды: 101

БҚО-да полиция көші-қон заңнамасын бұзғандарды анықтады

БҚО-да полиция көші-қон заңнамасын бұзғандарды анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

d5b5637d-8af5-4135-8ec4-00cd094ab575

13–17 қазан аралығында елімізде "Заңсыз келуші - 2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Оның басты мақсаты – көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, көші-қон ағындарын бақылау және заңсыз көші-қон әрекеттерінің алдын алу. Іс-шараның алғашқы күнінде Батыс Қазақстан облысының құқық қорғау органдары көші-қон саласында 60 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Соның ішінде: шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тарапынан көші-қон заңнамасын бұзудың 31 дерегі; шетел азаматтарын қабылдаған тұлғаларға қатысты 23 заң бұзушылық; шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартудың 6 фактісі тіркелді. Сонымен қатар көші-қон ережелерін өрескел бұзғаны үшін 10 шетелдік азаматты елден шығару туралы сот шешімдері қабылданды. Полиция департаменті көші-қон саласындағы бақылауды күшейтіп, заңсыз әрекеттердің алдын алу бағытындағы шараларды тұрақты түрде жалғастырады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале