18.10.2025, 10:40
Оқылды: 118

Тасқалада алтын күз балы өтті

Тасқала ауданындағы «Ақниет+» мейрамханасында қайырымдылық айлығы аясында «Өнерге шектеу жоқ» атты алтын күз балы өтті.

image-17-10-25-02-51-5

Аудан көлемінде алғаш рет ұйымдастырылып отырған шара талантты жандарға қолдау көрсету, олардың өнері мен шығармашылығына жағдай жасау, ерекше талант иелерінің қабілетін шыңдаумен қатар өмірге деген құштарлығын арттыруға ықпал ету, мүгедектігі бар адамдардың қоғам өміріне белсене қатысуына жағдай жасау мақсатында өткізілді. Аталмыш шараға аудан әкімі Талғат Шакиров, аудан прокуроры Алмас Унаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Ділдаш Ысқақова, Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы Миргүл Құрманбаева, аудандық мәслихат төрағасы Жанар Бисенғалиева, аудан әкімінің орынбасары Али Бердешев, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Люция Жұбанышқалиева, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жәрдемғали Балыков, Әлеуметтік сала үздігі, еңбек ардагері Раушан Мүсалимова, Тасқала «Аққу» ЖШ директоры Қуан Таскалиев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Батима Кентугаева және ерекше жандар қатысты.

image-17-10-25-02-51-7

Шараға келген қонақтар алдымен ерекше жандардың қолымен жасалған түрлі бұйымдардан жасақталған көрмені тамашалады. Одан әрі шараның негізгі бөлімі басталды. Алдымен сөз алған аудан әкімі Талғат Асқарұлы бүгінгі шараға қатысушы қонақтарға қош келдіңіз айтып, бүгінгі шараның маңыздылығына тоқталды.

image-17-10-25-02-51-1

«Бүгінгі күзгі балға баршаңызда қош келдіңіздер. Осы әдемі кешті ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Биыл ауданда ерекше жандар үшін күзгі бал алғашқы рет өтіп отыр. Алдағы уақытта жалғасын табады деген сенімдеміз. Шара өз мақсатына жетіп, кешті жақсы, есте қаларлықтай өткізейік. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын»,-деген аудан басшысы бірқатар азаматтарды алғысхатпен марапаттады.

image-17-10-25-02-51-8

Атап кетсек, көп жылдар ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп, қоғам өміріне атсалысып келген Ахметжан Гүбайдуллин, Серік Кужекешев, Азамат Аубаков сынды жандарға алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етілді.

image-17-10-25-02-51-9

Іс-шара барысында келген қадірлі қонақтар да ізгі тілектерің білдіріп, ерекше жандарға арнайы сыйлықтар табыс етті.
Әдемі кеш барысында ерекше жандар ән айтып, би –билеп, сән үлгілерін көрсетіп кештің шырайын келтіріп көрермендердің қошеметіне бөленді. Шара мүгедектігі бар жандарға демеушілердің есебінен арнайы сыйлықтар табыстауымен қорытындыланды.

Гүлмира Мақанова,
Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале