15-16 қазан аралығында Батыс Қазақстан облысының аумағында «Іздеу» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Негізгі мақсат – құқық қорғау органдарынан жасырынған адамдарды іздестірудің тиімділігін арттыру, сондай-ақ із-түссіз жоғалған азаматтардың орналасқан жерін анықтау.

Іс-шара барысында 13 қылмыскер ұсталды, оның ішінде:
1-еуі – Татарстан Республикасында (РФ), БҚО ПД іздестірген;
2-еуі – Орал қаласында ұсталды, БҚО ПД іздеуінде болған;
8-еуі – Орал қаласында ұсталды, Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарынан жасырынған;
2-еуі – Тасқала ауылында ұсталды, халықаралық іздеуде болған (Қырғыз Республикасы және Молдова Республикасы).
Із-түссіз жоғалған 4 азаматтың, оның ішінде 2 кәмелетке толмаған баланың орналасқан жері анықталды. Олар полициядан және заңды өкілдерінен жасырынған.
Ұсталғандар келесі қылмыстар үшін іздеуде болған:
ұрлық;
алаяқтық;
денсаулыққа ауыр зиян келтіру;
жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттер;
порнографиялық материалдарды тарату;
әскери қызметтен жалтару;
бұзақылық.
«Іздестіру» жедел-алдын алу іс-шарасының өткізілуі қазақстандық құқық қорғау органдары мен ТМД елдеріндегі әріптестері арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары тиімділігін көрсетті.