20.10.2025, 19:45
Оқылды: 106

Жаңақалалық Аяла облыстық байқауда үздіктер қатарынан көрінді

Жуырда Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен «Мейірбандық күндері» атты облыстық қайырымдылық айлығы аясында мүгедектігі бар балалар тәрбиесіндегі жауапкершілікті арттыруға бағытталған «Қарлығаш – әр үйге бақыт ұяласын» конкурсы өтті.
photo-output
Байқау қатысушылардың түсірген бейнебаяндарын саралап, әділқазылардың бағалауына байланысты қорытындыланды. Нәтижесінде жаңақалалық  бала жастан мүгедектігі бар 5 жасар  Аяла Мерханқызы мен оның жанашыр жанұясы «Шығармашыл отбасы» номинациясын жеңіп алды.
Марапаттау рәсімі Орал қаласындағы Салтанат сарайында өтті. Иә, бұл  тәтті бүлдіршіннің алғашқы жетістігі емес. Бұған дейін де балақай  түрлі ән байқауларында бағын сынап жүр.
Ақерке Ғилымхан
Жаңақала ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале