25.10.2025, 15:30
Оқылды: 260

Казталов ауданында Республика күніне орай мерекелік челлендж өтті

Бүгін Жалпақтал ауылындағы Спорт кешені ауласында орналасқан «Ту тұғыр» алаңы алдында мекеме-ұйымдар ұжымының қатысуымен Республика күніне арналған «Мәңгілік жаса Қазақстаным» атты мерекелік челлендж өтті. 

IMG_9327
Айтулы шарада Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні орындалып, еліміздің аспан түстес көк Байрағы биіктегі өз тұғырына салтанатпен көтерілді.
photo-output
Қазақ елінің тәуелсіздікке бағыт алуының заң жүзіндегі бастауы мемлекеттің егемендігі  туралы декларациясы қабылданған 1990 жылы 25 қазаннан басталған болатын. Міне, осыдан кейін сан ғасырлар бойы ата-бабаларымызға арман болған егемендікке — еңбек сүйгіш халқымыздың қолы жетті.
IMG_9321
Дербес еліміздің сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімін арттыруға бағытталған Республика күнінің мерекелік шарасында сөз алған Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Ғаділбек Әлібеков ауылдастарды ұлық мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жолдаса, Мәдениет үйінің әншісі Донеділ Қазиуллин Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін орындап, халықпен бірге шырқады.
IMG_9331
1991 жылы Қазақстан елі әлемге өз тәуелсіздігін жариялап, жаңа дәуір тарихын жазды. Егемендік алған халықтың ынтымағы Отанымызды мызғымас тәуелсіз мемлекетке айналдырды. Бүгінгі таңда береке мен бірлік, татулық пен келісім — тәуелсіз мемлекеттің жетістігі және өркениет көшіне ілесудің тікелей кепілі болып табылуда.
IMG_9336

Қыдыр Харесұлы

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале