29.10.2025, 10:45
Оқылды: 122

БҚО-да "Заң мен тәртіп"тұжырымдамасы аясында «Жас сақшы» сыныптары ашылды

Батыс Қазақстан облысында оқушылар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Жас сақшы» сыныптары өз жұмысын бастады. Игі бастама «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылып отыр.

WhatsApp Image 2025-10-28 at 19.32.38

Олар арнайы бағдарлама негізінде тәртіп, құқықтық білім мен патриоттық тәрбие бағытында білім алады. Бұл бастама жас буынды Отанға қызмет етуге, жауапкершілік пен заңдылықты құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.

WhatsApp Image 2025-10-28 at 19.32.38 (2)

2025–2026 оқу жылында облыста 4 «Жас сақшы» сыныбы ашылды: үшеуі – Орал қаласында (68 оқушы), біреуі – Ақсай қаласында (15 оқушы) жұмысын бастады.

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының

баспасөз қызметі

WhatsApp Image 2025-10-28 at 19.32.38 (1)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале