29.10.2025, 17:45
Оқылды: 124

Еліміздің барлық қалаларында «Халық заңгері» республикалық акциясы өтеді

31 қазан күні еліміздің барлық қалаларында «Халық заңгері» республикалық акциясы бастау алады.

_gluster_2025_10_28_d03e40b19a976d4abc0124c942549f8e_1280x720

Акцияның мақсаты — халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсету болып табылады.

Осы күні кез келген азамат еліміздің үздік заң қауымдастығы өкілдерінен — адвокаттардан, нотариустардан, прокурорлардан, тергеушілерден, сот орындаушылардан және мемлекеттік органдар басшыларынан тегін кеңес ала алады.

Шараның ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Әділет министрлігі, мемлекеттік органдар, Zakon.kz интернет-басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, сондай-ақ еліміздің беделді заңгерлері мен адвокаттары.

Өткізіліп келе жатқан жылдар ішінде «Халық заңгері» акциясы дәстүрге айналған, азаматтар тарапынан кеңінен қолдау тапқан жобаға айналды. Ол құқықтық мәдениетті нығайтуға және сот жүйесіне деген сенімді арттыруға бағытталған.

Орал қаласында бұл шара 2025 жылдың 31 қазанында сағат 17:00-де Ж. Молдағалиев көшесі, 19 әкімшілік ғимаратында өтеді.

БҚО прокуратурасы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале