Бүгін аудан әкімінің орынбасары Жаннұр Ахметов Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 25 қыркүйектегі №1005 Жарлығына сәйкес Тау ауылының тұрғыны бір қыз, бес ұлдың анасы Айгүл Сұлтанғалиеваға «Күміс алқа» алқасы мен куәлігін табыстады.

Жаннұр Бекбауұлы ел демографиясына үлес қосып отырған көпбалалы ананың деніне саулық, отбасына амандық тіледі.
«Өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу – үлкен еңбек және барлығымыз үшін үлгі. Сіздердің арқаларыңызда отбасы құндылықтары нығайып, қоғамымыздың рухани байлығы сақталуда. Отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік және бақ-береке тілеймін!» – деп атап өтті ол өз сөзінде.
Өз кезегінде көп балалы ана Айгүл Болатқызы мемлекет басшысына, аудан әкіміне алғысын білдірді.
Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы