30.10.2025, 12:00
Оқылды: 199

Бөрлі аудандық музейде тағылымды шара өтті

Бөрлі аудандық тарихи-өлкетану музейінде «AMANAT» партиясы Бөрлі аудандық филиалымен бірлесе ұйымдастырылған «Ұлттық мұра» жобасы аясында жоғарғы сынып оқушыларына арналған «Біз, Қазақстан халқы...» атты тарихқа бейне экскурсиясы болып өтті.

МУЗЕЙ (1)

Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға ел тарихына құрмет сезімін арттыру, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік пен ұлттық мақтаныш рухын қалыптастыру. Шара барысында «AMANAT» партиясы Бөрлі аудандық филиалының атқарушы хатшысы -  Вероника Пермитина мен музей меңгерушісі Зумрад Менешева сөз алып, оқушыларға ұлттық мереке жайында мәлімет беріп, мерекемен құттықтады.

Одан әрі оқушылар «Республика» залында «Тарих беттерінен» тақырыбында экскурсия жасап, еліміздің тәуелсіздікке дейінгі және кейінгі кезеңдеріне қатысты маңызды тарихи оқиғалар мен тұлғалар жайында мәлімет алды. Кейін

«Тарих керуені» тақырыбымен викториналық ойыны ойналып, бұл кезеңде  – балалардың білімін шыңдап, тарихи танымын арттыру мақсатында сұрақ-жауап қойды. Балалар да тартысты жауап беріп жатты.  «Менің Қазақстаным» шығармашылық сәтінде де – қатысушылар шағын топтарға бөлініп, берілген тақырып бойынша постер салып, өз жұмыстарын таныстырды. Шара соңында үздік топтар марапатталып, естелік суретке түсті.

МУЗЕЙ (2)

Сондай-ақ «AMANAT» партиясы Бөрлі аудандық филиалының атқарушы хатшысы -  В. Пермитина музей меңгерушісі З. Оқасқызына өз атынан алғыс хат табыс етті.

                                                                                                                     Сәнім Меңдібай,

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале