30.10.2025, 18:00
Оқылды: 56

Сырым ауданында қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

Жымпиты ауылындағы «Marziya Grand Hall» мейрамханасында жүрекке жылу, көңілге медеу сыйлаған ерекше шара – «Мейірім мен қамқорлық әр жүректе» атты қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Бұл игілікті бастама «Мейірбандық күндері» қайырымдылық айлығы аясында өтті.

қайырымдылық жәрмеңкесі 2

Дәстүрге айналған шараға Сырым ауданының ауылдық округ әкімдері, мәслихат депутаттары, мектеп ұжымдары, мәдениет саласының қызметкерлері мен жаны жомарт кәсіпкерлер белсенді түрде атсалысты.

қайырымдылық жәрмеңкесі 3

Жәрмеңке аясында ерекше күтімді қажет ететін жандардың қолынан шыққан бұйымдар мен қолөнер туындылары сатылымға қойылды. Олардың арасында зергерлік әшекейлер, тақырыптық суреттер, кәдесыйлар және қолдан жасалған сан түрлі шедеврлер бар. Бұл бұйымдар аукцион арқылы да сатылып, қайырымдылық ісінің қанатын кеңге жайды.

қайырымдылық жәрмеңкесі 5

Ауылдық округтерден арнайы келіп, қолөнерін ұсынған белсенді азаматтар аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталып, көпшіліктің қошеметіне бөленді.

қайырымдылық жәрмеңкесі 4

Жәрмеңкеден түскен қаражат шетелде ем алып жатқан кішкентай Дінжан Нархан Нұрханұлының еміне бағытталмақ.

Шара барысында аудан өнерпаздары ән шырқап, би билеп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

 

Қоңдыкер Елеуов,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале