5.11.2025, 22:00
Оқылды: 61

Тәрбие – ел болашағының алтын діңгегі

Бүгін Орал политехникалық колледжінде дәл осындай тақырыппен «Заң мен Тәртіп» аясында мазмұнды іс-шара өтті. Оған Орал қалалықколледж басшылары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, ата-аналар мен студенттер қатысты.

закон и порядок - колледж (7)

Шараның басты мақсаты – жастардың құқықтық мәдениетін арттыру, заңға құрмет сезімін қалыптастыру, қоғамда тәртіп пен жауапкершілік қағидаттарын нығайту және азаматтық сана мен отансүйгіштік рухты дамыту болды.

Іс – шараға спикер ретінде қатысқан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Гүлжанар Шукеева, Орал қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мынатаубиік Әнесов, Орал қаласы прокуратурасының прокуроры Жандос Қуанышбеков қоғамдағы құқықбұзушылық, жастардың тәрбиесі туралы  өз ойларымен бөлісті.

Облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Гүлжанар Шукеева өз сөзінде қазіргі қоғамда құқық бұзушылықтың алдын алудың маңыздылығына тоқталып, әрбір азаматтың жауапкершілігін арттыру қажеттігін ерекше атап өтті: «Бұрын қазақ қоғамында жетімін жылатпаған, жесірін тентіретпеген. Бүгінгі күні заңбар, құқық бар, бірақ соған қарамастан кейбіркелеңсіз жағдайлар орын алуда. Мұның барлығытәрбиеден басталады. Әдеп пен мәдениетотбасынан бастау алуы тиіс. Біз бірлігіміздінығайтып, өзара сыйластықты сақтай білсек, елдіңболашағы жарқын болмақ», – деді ол.

закон и порядок - колледж (1)

Сонымен қатар, спикерлер жастарды әр шешімді ойланып қабылдауға, өз әрекеттеріне заң аясында баға беруге шақырды. Студенттермен кездесуде құқық бұзған адамды қоғамнан шеттетпей, қайта оны түзелуге және қоғамға қайта бейімделуге мүмкіндік беру – өркениетті қоғамның басты көрсеткіші екені айтылды.

Кездесу барысында қатысушылар адамгершілік, заңға бағыну және отансүйгіштік ұстанымдарының маңызын айрықша атап өтті. Спикерлердің айтуынша, қоғамның өркендеуібілімді, тәрбиеліжәне заңды құрметтейтін азаматтардың қолында.

«Тәрбие – ел болашағының алтын діңгегі» атты кездесу жастарға үлкен ой салып, құқықтық мәдениет пен патриоттық сана қалыптастыруға әсер етті деген сенімдеміз.

Гүлжамал Жолдығали

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале