7.11.2025, 17:00
Оқылды: 48

«Астана Опера» оркестрінің скрипкашысы Италияда өнер көрсетті

Италияның Камольи қаласында «Астана Опера» театры оркестрінің скрипкашысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілханов өнер көрсетті. Камольи әлеуметтік театрында өткен концерт италиялық көрерменнің көңілінен шықты.

_gluster_2025_11_7_a5b604f7f83056c1a22d91cc93d146e9_1280x720

Генуядағы «Карло Феличе» театры оркестрінің сүйемелдеуімен, маэстро Джузеппе Акуавиваның жетекшілігімен қазақстандық музыкант неміс романтизмінің ең әйгілі туындыларының бірі — Макс Брухтың Скрипка мен оркестрге арналған №1 соль минор, op. 26 концертін орындады.

Бағдат Әбілханов Италияға сапарын өзінің шығармашылық жолындағы маңызды белес әрі қазақ өнерін халықаралық сахнада танытуға зор мүмкіндік екенін атап өтті. Сонымен қатар маэстро Джузеппе Акуавива мен «Карло Феличе» театрының оркестріне кәсіби серіктестік пен шығармашылық қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.

Бұл концерт қазақстандық музыканттардың жоғары кәсіби деңгейін және Қазақстан мен Италия арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға қосқан үлесін айқын көрсеткен маңызды мәдени оқиға болды.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале