11.11.2025, 11:00
Оқылды: 146

Қазақстан мен Ресей жастары өңіраралық ынтымақтастықты нығайтты

Бүгін Орал қаласында «Қазақстан – Ресей XXI өңіраралық ынтымақтастық форумы» аясында жастар-волонтерлік форумы өз жұмысын бастады.

_gluster_2025_11_11_0f446cef8b8e5eceaf9b8cce93b1d900_1280x720
Форумға Ресей Федерациясынан келген жастар делегациясы, сондай-ақ Қазақстанның Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстарынан жиналған жас көшбасшылар қатысуда.

Форумның басты мақсаты – Қазақстан мен Ресей арасындағы тату көршілік пен өзара сенімді нығайту, өңірлер арасындағы әлеуметтік, экономикалық, мәдени және гуманитарлық байланыстарды тереңдету. Сонымен қатар, жастардың, кәсіпкерлер мен азаматтық қоғам өкілдерінің белсенді ынтымақтастығын дамытуға бағытталған.

_gluster_2025_11_11_03af29b07233852e3525f83b5ae89a0d_1280x720

Бұл форум тек пікір алмасу алаңы ғана емес, сонымен қатар нақты идеялар мен жобаларды іске асыруға мүмкіндік беретін серіктестік кеңістігі ретінде ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қатысушылар өз салаларындағы үздік тәжірибелермен бөлісіп, жаңа бастамаларды бірлесе жоспарлау арқылы қоғамның тұрақты дамуына үлес қосуға ниет білдірді.

Форумның ресми ашылу салтанатына мемлекеттік органдардың өкілдері, іскер орта мен белсенді азаматтар қатысты. Шара жастар мен қоғамның белсенді мүшелерін біріктіріп, ел болашағына бағытталған жаңа көзқарастар қалыптастыруға шақыратын маңызды қоғамдық платформаға айналды.

_gluster_2025_11_11_ee5da1c3f370db63471a8df6680aa53a_1280x720

Форум аясында екі секциялық отырыс өтті: «Жастар үшін жұмысшы мамандықтардың тартымдылығы мен үрдістері» және «Волонтерлік қызмет саласындағы тәжірибе алмасу: “Жақсы көршілік”» тақырыптарында. Онда еңбек нарығындағы үрдістер, кәсіпкерлік белсенділікті арттыру жолдары, экологиялық жауапкершілік пен волонтерлік мәдениетті дамытудың тиімді тәсілдері талқыланды.

_gluster_2025_11_11_f1d8cf642799252480454e3ec95b4859_1280x720

Аталған шара жастар арасында белсенділікті арттырып, екі ел арасындағы достық қатынастарды жаңа деңгейге көтеруге үлес қосты.

 

 

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале