12.11.2025, 12:30
Оқылды: 55

Рейдтік топ қызметте

Сырым ауданында үй жануарларының қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында арнайы рейдтік топ қызмет жасауда. 

PHOTO-2025-11-11-18-55-18

Мемлекеттік бөлім басшылары, ветеринар мамандар және құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен құралған топ кеше Жымпиты - Қаратөбе және Жымпиты - Ақтөбе бағытындағы автожолдардың бойын торып, іргедегі шаруашылықтарда болды.

Олар қожалық иелеріне мал бағымына мұқият қарауды, үй жануарларына  көлік жолын маңайлатпауды, қайғылф оқиғалардың алдын алу үшін  түнгі уақытта қамауды ұйымдастыру туралы түсіндірді.

PHOTO-2025-11-11-18-55-20

Трасса бойындағы тәртіпті сақтауда саройлықтардың сақтығы ерекше үлгі. Округ орталығы Шағырлойда жеке тұрғындар қараша айынан бастап жекенің малдарына жол бойына кезекшілік ұйымдастырған. Кезекшілер көлік ішінде жай әңгімелесіп отырмайды, әлсін - әлсін айналаны шолып, күн жарғайғанша жолға малдың шықпауфн қадағалайды.

PHOTO-2025-11-11-18-55-21

Сырым аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Саламат Иманғалиев бұл тәжірибені барлық ауыл қолданса, қатерлі апаттардың саны артпас еді деген ойын айтты.

 

Б. Шерім, 

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале