13.11.2025, 13:00
Оқылды: 181

Тасқала ауданында қоян аулау сайысы өтті

Тасқала ауданы, Мерей ауылдық округі мен “Намыс” жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен “Құралайды көзге атқан” қоян аулау сайысы өтті.

тазы сайысы фото 2

Бабаларымыздың аңшылық өнерін дәріптеу, мақсатында ұйымдастырылған дәстүрлі сайысқа аудан әкімінің орынбасары Әли Бердешев, ішкі саясат бөлімінің басшысы Думан Ғазез, Мерей ауылдық округінің әкімі Орынбек Насимуллин және сайысқа арнайы келген қатысушылар қатысты. Алдымен сөз алған аудан әкімінің орынбасары Әли Сағдатұлы барша жиналғандарға сайыстың ашылуымен құттықтады.

«Құрметті жарысқа қатысушылар қонақтар қош келдіңіздер. Құралайды көзге атқан атты қоян аулау сайысы  ұйымдастырылып жатыр. Тазы ол тек аң аулап қана қоймай, иесімен  бірге өмір сүріп, бірге қартая білетін адал серік, ұрпақа тәрбиесінің бір көрінісі, мәдениеттің айнасы. Шараның мақсаты ұлттық құндылықтарды дәріптеу, соның ішінде ұлттық спортымызды тазы иттерін құрметтеу, насихаттау жастарымыздың уақыттарын тиімді өткізу, табиғат аясын аялау болып табылады. Ықылым заманнан, тазы ит қазақпен бірге келе жатыр. Жеті қазынаның бірі құмай тазы деп аталады, ол жай ит емес бұл ұлттық құндылығымыз, ұлттық мұрамыз. Өздеріңіз баптаған құмайларыңыз жақсы нәтиже көрсетуіне тілекшіміз», - деді аудан әкімінің орынбасары Әли Бердешев.

тазы сайысы 3 (1)

Содан соң, шара барысында әсем ән айтылып, қатысушыларға шабыт сыйлады. Айта кетейік, сайысқа 20-ға жуық тазы қатысты. Олардың иісшілдігі, шапшаңдығы, тұрқы сыналды. Қатысушылар жеті қазынаның бірі құмай тазының тұқымын сақтау, дұрыс күтіп-баптауға соңғы кездері жақсы көңіл бөліне бастағанын айтады. Тартысты сайыс қорытындысында I орынды тасқалалық Күміскерей Досқалиев қанжығасына байласа, II орынды мерейлік Бақытбек Мегенғали иеленіп, III орынды Ақтау ауылына қарасты Қараой елді мекенінің тумасы Әміржан Мембетов алды. «Жас тазышы» номинациясы Ерасыл Аяпбергеновке тиесілі болса, «Көрермен көзайымы» номинациясы Темірлан Қалымовқа табыс етілді. «Үлкен тазы жанашыры» Ерлан Еркеғалиға бұйырды. Сайыс соныңда жүлделі орын алған қатысушыларға дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.

Тазы сайысы 1

«Мерей ауылындағы құмай тазы сайысына қош келіп жатырмыз. Шараны ұйымдастырып жатқан Орынбек Жамбұлы, Думан Ғазез  және Динара ханымға өз ризашылығымды білдіремін. Осы тартысты сайыс бес жыл көлемінде ұйымдастырылып келеді, қатысып жүрміз. Жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеймін, тазылары суырылып шығып, жүлделі орын алуларына тілектеспін. Дәстүрлі  аңшылығымыз  жалғасын  таба берсін. Тасқала аудандық аңшылар және балық шуаруашылығының төрағасы Алексей Степановқа қоянға жолдаманы жеңілдікпен беріп жатыр. Тазы – қазақ халқының тірі тарихы, ол жай ғана ит емес, нағыз дос әрі көмекші. Бірлесіп жұмыс жасап, жарыс ұйымдастырып жатқандарымңызға рахмет» , - деді Абзал Татмаков.

 

Гүлмира Мақанова,

Тасқала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале