Аудандық сайлау комиссиясы Чапаев, Тайпақ және Бударин ауылдарында учаскелік сайлау комиссиясының төрағалары мен хатшыларының басын қосып, қаскадтық оқыту бағытында семинар өткізді. Аталмыш шарада «Сайлау процесін өткізудің ұйымдастырушылық аспектілері мен тәжірибесі» тақырыбындағы оқу бағдарламасы бойынша дәрістер жүргізді. Аталмыш семинарда Орал қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Мұхтар Дәулетжанов және оның орынбасары Нариман Мұстиев өз тәжірибелерін бөлісіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Сайлау процесі кезінде ақпараттандыру, сайлау заңнамасындағы өзгерістер, қарым-қатынас стратегиялары мен коммуникациялар, келіссөздер жүргізу қабілеті және жанжалды жағдайларды шешу әдістері, өзге де өзекті тақырыптар мен кейстер кеңінен талқыланды. Сонымен қатар қатысушыларға Талеб Нассим Николастың «Қара аққу» («Черный лебедь») кітабын оқуға кеңес берілді.
Каскадты оқыту үрдісін жалғастыру мақсатында осы семинарға қатысқан учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшыларына комиссия мүшелерін оқыту тапсырылды. Аудан бойынша 45 учаскелік сайлау комиссиясында 245 мүше бар десек, демек аталмыш дәрісте білімін шыңдаған 31 төраға, 27 хатшы тәжірибені әрі қарай сатылап таратып, барлық комиссия мүшелері семинарда қамтылған тақырыптан хабардар болады.
Лағыл Ақық,
Ақжайық ауданы