14.11.2025, 19:00
Оқылды: 76

Қаржыгерлер еңбегі еленген күн

Қараша айының 15-і – қаржы саласының қызметкерлері үшін ерекше күн. Осыған орай бүгін Жаңақала ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында салтанатты марапаттау рәсімі өтті. 
image-14-11-25-06-26-3

Шара барысында ауданның қаржы саласында көп жылдан бері еңбек етіп, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын білікті мамандардың еңбегі еленіп, алғысхаттар мен табысталды.
Салтанатты жиында сөз алған аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың аудан экономикасының дамуына қосқан үлестерін атап өтті.
Марапат иелерінің қатарында қаржы бөлімінің қызметкерлері, есепшілер, салық саласының өкілдері, «Қазақстан Халық банкінің» аудандық филиалының қызметкерлері де болды.
Жиын соңында марапат иелері ұжымның қолдауын үлкен құрметпен қабылдап, ризашылықтарын білдірді.

Айзада Ақбасова
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале