15.11.2025, 12:00
Оқылды: 35

Денсаулық сақтау министрлігі скринингтің жаңа бағдарламаларын енгізуде: 50+ жастағы ерлерге арналған УДЗ қоса алғанда, қазақстандықтар көбірек зерттеулерден өте алады

Қазақстанда денсаулық скринингі бағдарламалары жаңартылды. Өзгерістер ауруларды ерте анықтаудың тиімділігін арттыруға және халықты қамтуды кеңейтуге бағытталған, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.

photo-output

Дәлелді тиімділігі бар зерттеулер енгізілді, соның ішінде: – ТТЛП (төмен тығыздықтағы липопротеидтер), – триглицеридтер, - гликирленген гемоглобин.

photo-output

Скринингке қатысу жасы 76 жасқа дейін ұлғайтылды, бұл профилактикалық бағдарламаларға егде жастағы адамдарды көбірек тартуға мүмкіндік береді.

photo-output
Арнайы мамандардың негізсіз консультациялары алынып тасталды. Егер зерттеу нәтижелері қалыпты болса, скринингті мейіргер — басқа мамандарға жолдамасыз аяқтауы мүмкін.
Цереброваскулярлық бұзылулардың алдын алу үшін МӘМС-ке 50 + ерлерге арналған жаңа скрининг енгізілді: брахиоцефалиялық тамырлардың ультрадыбыстық зерттеуі екі жылда 1 рет.

photo-output
Қыркүйек айынан бастап онкоскринингтердің барлық кезеңдері ТМККК шеңберінде қолжетімді болды, бұл зерттеп-қараудан өтуді жеңілдетеді және халыққа қаржылық жүктемені азайтады.
Жаңартылған стандарттар скринингтерді дәлірек, заманауи және пациенттерге ыңғайлы етеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале