17.11.2025, 11:30
Оқылды: 36

Қазақстанға Ресейден 20 тонна құс етін заңсыз әкелмек болған

ҚР аумағына өтетін «Сырым» ветеринариялық бақылау бекетінде ірі көлемдегі құс етін заңсыз әкелу әрекетінің жолы кесілді, - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

_gluster_2025_11_11_0ed924e9b85f8cf1f84bc585df264bb8_1280x720

Ресей Федерациясының Самара облысынан Қызылорда облысына бет алған жүк көлігі міндетті тексеру үшін тоқтатылған.

Жіті тексеру кезінде жүкте құжаттары талапқа сай келмейтін 20 тонна құс еті бар екені анықталды. Мәселен, аталған өнімді шығарған кәсіпорын ЕАЭО Реестріне кіретін және Қазақстан аумағына жануарлардан алынатын өнімді экспорттауға рұқсат берілген ұйымдар тізімінде жоқ болып шықты.

Ветеринариялық-санитариялық талаптардың бұзылуына байланысты жүк көлігі өнім жөнелтілген елге кері қайтарылды. Көлік жүргізушісіне әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Ағымдағы жылдың басынан бері Батыс Қазақстан облысы аумағында ветеринариялық заңнаманы бұзудың 204 фактісі анықталды. Тексерістер нәтижесінде 204 көлік кері қайтарылып, 130 әкімшілік хаттама рәсімделді. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 11 млн теңгеден асады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале