18.11.2025, 22:00
Оқылды: 32

Казталовта кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша кездесу өтті

Бүгін Алма Оразбаева мектебінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында аудандық жиын өтті. Шараға аудан әкімінің орынбасары Серік Қайырлиев, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Самал Қанапияқызы, Казталов ауданының прокуроры Ерлан Гаипов, облыстық әдістемелік психологиялық қолдау орталығы басшысының орынбасары Раушан Құрмашева, сондай-ақ аудандық полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы Данияр Байдуллин қатысты.

image-18-11-25-08-15-2

Жиынға мектеп директорлары, оқу ісі және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, әлеуметтік педагогтар мен педагог-психологтар да шақырылды.

Жиында аудан прокуроры Ерлан Гаипов аудандағы суицидтік тәуекел аймағындағы балалар арасында өз-өзіне қол жұмсау мен құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары туралы, облыстық әдістемелік психологиялық қолдау орталығы басшысының орынбасары Раушан Амантайқызы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бағытында ақпарат берді, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Самал ДЖангереева білім беру ұйымдарында құқықбұзушылықтың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың, бопсалаудың, суицидтің алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар, аудандық полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы Данияр Жасқайратұлы Байдуллин анықталған құқықбұзушылықтар жөнінде баяндама жасады.

image-18-11-25-08-15-3

Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары Серік Ерболатұлы қорытынды сөз сөйлеп, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – барша жауапты мекемелердің ортақ міндеті екенін атап өтті.

Гүлнұр Сәуірғалиқызы
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале