Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған бағдарлама шеңберінде елімізде тұрақты экономикалық өсім қамтамасыз етілетінін атап өтті.

«Бағдарламаның негізгі мақсаттары – экономиканың жыл сайынғы өсімін кемінде 5%-ға және халықтың нақты табысын орта есеппен 2-3%-ға арттыру», — деп атап өтті Олжас Бектенов.