19.11.2025, 16:45
Оқылды: 157

Орал халықаралық әуежайы арнайы техника паркін жаңартты

Орал халықаралық әуежайында мамандандырылған техника паркін жаңарту жалғасуда. КАМАЗ базасында жаңа өрт сөндіру автокөлігі қолданысқа еңгізілді.

bc328a3c-fa76-46b3-9ed5-0ccce11cfdd9

Жаңа көлік өрт сөндіруге, апаттар, оның ішінде табиғи апаттардың салдарын жоюға, сондай-ақ оқиға орнына өрт сөндірушілер тобын жедел жеткізуге арналған. Жоғары өтімділіктің арқасында машина аэродромның әртүрлі жағдайларында тапсырмаларды тиімді орындай алады.

Өрт сөндіру автокөлігі жетілдірілген өрт-техникалық жабдықтармен, лафет оқпанын қашықтан басқару жүйесімен және өрт сөндіргіш заттардың: 8000 литр су мен 1000 литр көбіктендіргішпен жабдықталған. Заманауи жиынтық төтенше жағдайларда әрекет ету жылдамдығы мен тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

Жаңа өрт сөндіру көлігін пайдалануға беру әуежайдың өрт қауіпсіздігі деңгейін нығайтады. Қазіргі уақытта Орал халықаралық әуежайында тәулік бойы әрекет етуге дайындықты қамтамасыз ететін төрт өрт сөндіру автокөлігі пайдаланылуда.

85aeaccd-b25c-42ee-ba61-0d2cb94640b2

Бүгінде әуежайда 80-ге жуық арнайы техника мен механикаландыру құралдары жұмыс істейді. Паркті жаңарту жұмыстары жалғасуда, бұл заманауи жабдықтарды енгізуге және өндірістік процестердің қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Орал халықаралық әуежайының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале