22.11.2025, 18:06
Оқылды: 236

Оралда кең көлемде сенбілік ұйымдастырылды

Бүгін Орал қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Мемлекет басшысының «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы негізінде әрі «Таза Қазақстан» акциясы аясында шаһарда сенбілік ұйымдастырылды.

ffdcc016-a177-40f6-938a-850157308968

Аталмыш сенбілікке облыс және қала әкімдіктерінің және өңірдегі түрлі басқарма қызметкерлері мен қала тұрғындары қатысты. Тазалық жұмыстарына 1 мыңға жуық азамат қатысып, қала шағынаудандарындағы қоқыс қалдықтарын жиыстырды. Бұл акцияға облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхана ұжымы да біркісідей атсалысты. Арнаулы кітапхананың бөлім басшысы Айжан Дәулетқалиева барша қала тұрғының алда болатын сенбіліктерге қатысуға шақырды.

Бүтін республика Орал қаласын «Жасыл қала» деп таниды. Себебі біздің өңірдің тұмса табиғаты, шаһарды жасыл желекке ораған тал-терегі кімнің де болсын көкейінде қалары анық. Арнаулы кітапхана ұжымы жыл басынан ұйымдастырылып келе жатқан түрлі сенбілікке қатысып келеді. Облыс тұрғындары мен белсенді жастардың тазалық жұмыстарын жүргізуі мені қатты қуантады. Бұл жолда Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына баса мән беруі үлкен-кішінің табиғатқа деген қакмқорлық сезімін оятып, танымдық деңгейін арттыруда. облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхана ұжымынан 20-дан аса қызметкер қатысты. Қала көркіне көрік қосып, шаһар шырайын арттыру жолында біз бар бастаманы қос қолдап қолдаймыз,– деді А.Дәулетқалиева.
photo-output

Облыстық спорт басқармасының бөлім басшысы Ринат Дүйсенов қала тазалығын қамтамасыз ету – әр тұрғынның міндеті деп санайтынын жеткізді. «Бір байқағаным, табиғаттың төрт мезігілінде де облыста сенбіліктер жиі ұйымдастырылуда. Кей азаматтар тазалық жұмысымен коммуналдық  қызметкерлер ғана айналысуы қажет деген  пікір айтады. Бірақ бұл мүлде дұрыс емес ой. Себебі шашылған қатты қалдықтар арқылы ауаға, табиғатқа  түрлі аурулар тарайды. Тазалық – ол адам денсаулығының кепілі. Әрі өзге өңірлерден келген қала қонақтарына адами болмысымызды, мәдениетімізді көрсетеміз»,- дейді ол.

5a616ebe-68fc-437f-abe1-25cb683183fd

Нұрым Ғұмар

«Орал өңірі»  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале