23.11.2025, 9:00
Оқылды: 109

Егіндікөл ауылдық округінде әкім сайлауы басталды

Бүгін, 23 қараша, таңғы сағат 07:00-де Қаратөбе ауданы, Егіндікөл ауылдық округі әкімінің сайлауы басталды.

d0998f31-0399-42a5-8167-92d3171615b2

Сайлаушылардың жалпы саны:
Барлығы – 452 азамат. Сайлау процесін ұйымдастырып, өткізуге Қаратөбе аудандық аумақтық және №271 учаскелік сайлау комиссиялары тартылған. Дауыс беру барысын байқаушылар қадағалауда.
Сайлау учаскесінде аккредиттелген 3 қоғамдық бірлестіктер, саяси партия мен кандидаттардың сенім білдірілген өкілдері байқаушы ретінде қатысуда. Сондай-ақ, сайлау үрдістерін облыстық және аудандық БАҚ өкілдері де байқауда.

62fcc6cd-6127-4440-8d3d-82819914aa30
Баршаға қолжетімділік қамтамасыз етілген. Ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін сайлау учаскелерінде арнайы жағдайлар мен бейімделген бұрыштар қарастырылған.
Дауыс беру сағат 07:00 – 20:00 аралығында өтеді.
#бқосайлау #ауылдықәкімдерсайлауы #сайлау2025 #bkoelection #егіндікөлсайлау

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале