Қазақстанның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі алаяқтық несие рәсімдеу жағдайларына қатысты түсіндірме беріп, мұндай қарыздарды банктердің өз есебінен жабу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Агенттіктің редакциямыздың ресми сауалына берген жауабына сәйкес, азаматтарды алаяқтықтан қорғау және артық қарыз жүктемесінің алдын алу мақсатында 2025 жылғы қыркүйектен бастап бірқатар жаңа талап күшіне енеді.

Клиенттің ниетін растауға арналған жаңа талаптар
2025 жылғы қыркүйектен бастап азаматтардың артық қарыз алуын және алаяқтық әрекеттерді болдырмау үшін қаржылық операцияларда клиенттің ниетін растаудың мынадай қосымша талаптары енгізіледі:
1) Банкке немесе МҚҰ-ға (микро қаржы ұйымы) міндетті түрде жеке бару
150 АЕК-тен (589 800 теңге) асатын сомада кепілсіз банктік кредитті немесе 75 АЕК-тен (294 900 теңге) жоғары микрокредитті бірінші рет рәсімдеу кезінде клиент міндетті түрде банк бөлімшесіне немесе микроқаржы ұйымына өзі баруы тиіс.
Бұл – бөгде адамдардың қарыз рәсімдеуіне және “виртуалды сәйкестік” жасауына жол бермеу үшін қажет.
2) Жас ерекшелігіне байланысты қосымша растау
21 жасқа толмаған және 55 жастан асқан азаматтар үшін қарыз шартына келісімді растау талап етіледі. Келісім:
3) Онлайн-қарыздарда “шешім қабылдау кезеңі”
Онлайн рәсімделетін қарыздар үшін міндетті күту мерзімі енгізілді:
Бұл талап бірнеше қарызды қатар рәсімдеу жағдайларында да қолданылады. Шара азаматтарды қысыммен немесе ойланбай несие алудан қорғауға бағытталған.
Агенттік алаяқтармен қалай күресіп жатыр?
Агенттік алаяқтықпен күрес аясында бірнеше шара қабылдады:
1. Банктер мен МҚҰ-ларда антифрод-жүйелер енгізілді
Қаржы ұйымдары күмәнді әрекеттерді анықтап, тоқтатуға міндетті.
2. Электрондық қызметтерде клиентті растау талаптары күшейтілді
Интернет арқылы ақша жіберу кезінде клиент белгілі бір шектен артық сома аударса, биометрия және бір реттік код арқылы қосымша сәйкестендіру міндеттелді.
3. Алаяқтық несиелерді есептен шығарудың құқықтық негіздері кеңейтілді
Банктер мен МҚҰ келесі талаптарды бұзған жағдайда несиелер соттан тыс немесе сот арқылы есептен шығарылады. Алаяқтық несиелер мынадай жағдайларда жойылады:
Есептен шығаруға тиіс бұзушылықтар:
Сот арқылы есептен шығарылатын жағдайлар:
4. Ұлттық Банктің Антифрод-орталығының өкілеттіктері кеңейтілді
Орталық:
Сонымен бірге телефон алаяқтығына қарсы қосымша шектеулер енгізілді:
Алаяқтық несие дәлелденсе, банк төлейді
Қабылданған шаралардың бәрі азаматтарды алаяқтықтан қорғауға, қажетсіз кредит рәсімдеу тәуекелін азайтуға және қаржы ұйымдарының жауапкершілігін күшейтуге бағытталған. Егер несие алаяқтық жолмен рәсімделгені дәлелденсе немесе қаржы ұйымы белгіленген талаптарды бұзса, банктер мен микроқаржы ұйымдары мұндай қарызды өз қаражаты есебінен есептен шығарады.