21.11.2025, 17:21
Оқылды: 30

Ақжайық өңірінде Ауыл шаруашылығы күні аталып өтіп, сала үздіктері марапатталды

Батыс Қазақстан облысында Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі кең көлемде тойланып, ауыл еңбеккерлерінің ел экономикасына қосқан үлесі лайықты бағаланды. Салтанатты жиынға облыс әкімі Нариман Төреғалиұлы қатысып, ауыл шаруашылығы саласының стратегиялық маңызын атап өтіп, еңбек адамдарына алғыс білдірді.

Әкім өз құттықтауында ауылдың – ел ырысы мен берекесінің бастауы екенін, ал ауыл шаруашылығының – халықтың әл-ауқатына тікелей әсер ететін шешуші сала екенін ерекше айтты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың аграрлық секторды дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыруда еңбек адамдарын үлкен сенім күтіп тұрғанын жеткізді.

Фотоға түсірген: Бекзат Қанәділ

 

ауыл шаруашылық күні облыс әкімімен (1) ауыл шаруашылық күні облыс әкімімен (2) ауыл шаруашылық күні облыс әкімімен (3) ауыл шаруашылық күні облыс әкімімен (4) ауыл шаруашылық күні облыс әкімімен (5) ауыл шаруашылық күні облыс әкімімен (6) ауыл шаруашылық күні облыс әкімімен (7)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале