Қазгидромет 2025 жылғы желтоқсаннан 2026 жылғы ақпан-наурыз айларына дейінгі ауа райына арналған консультативтік болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мамандардың алдын ала деректеріне қарағанда, еліміздің басым өңірлерінде қыс қоңыржай жылы өтеді. Жауын-шашын мөлшері көбіне климаттық нормаға сай болады. Дегенмен, кей кезеңдерде бұрқасын, екпінді жел, көктайғақ, тұман және мол жауын-шашынның түсуі ықтимал.
Қыс айларында ауа температурасы жиі құбылады: жылы күндер аязды толқындармен алмасып отырады.
Желтоқсанда не күтіледі?
Алдын ала есеп бойынша желтоқсан айы жылырақ болады, жауын-шашын да норма шамасында.
Ауа температурасы:
Жауын-шашын:
Кей күндері қар, жаңбыр аралас жауын-шашын түсіп, бұрқасын мен қатты жел тұруы мүмкін. Сондай-ақ көктайғақ пен тұман жиілейді.
Антициклондардың әсерінен кей өңірлерде жауын-шашын тоқтап, ашық аязды күндер орнайды.
Айдағы ең суық кезең:
Батыс және оңтүстік өңірлерде:
Қаңтардағы ауа райы
Жауын-шашын:
Ақпан және наурыз қандай болады?
2026 жылдың ақпан-наурыз айлары жылырақ өтеді деген болжам бар. Жауын-шашын мөлшері көбіне қалыпты болады.
Тек наурызда оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлердің таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жауын-шашын нормадан көп түсуі мүмкін.
Қазгидромет мамандары қатты жауын-шашын, жиі еритін қар және аяздың алмасуы топырақ пен қар қабатында мұз қатуы мүмкін екенін ескертеді.
Бұл құбылыстар 2026 жылғы су тасқыны кезеңінің өтуіне кері әсер етуі мүмкін, сондықтан мамандар жағдайды жіті бақылап отырмақ.