Таңды құстардың даусымен қарсы алатын мамандықтың бірі — құс шаруашылығы.
- Мен Орал қаласындағы құс фабрикасында оператор-құсшы болып еңбек етемін.
Біздің міндет — әрбір құстың күтімі мен денсаулығын бақылау, дер кезінде азығын беру, сапалы өнім алу үшін жағдай жасау.
Бір қарағанда бұл қарапайым жұмыс сияқты көрінгенімен, шындығында үлкен жауапкершілікті талап етеді, - дейді «Мамандар галереясының» кезекті кейіпкері.
Оралдағы құс фабрикасы — аймақ халқын сапалы өніммен қамтамасыз етіп отырған ірі өндіріс орны. Мұнда күн сайын мыңдаған құс өсіріліп, экологиялық таза өнім дайындалады.
Фотоға түсірген: Мейірбек Тажқұранов
Фотоға түсірген: Мейірбек Тажқұранов