Шанхайда өткен алғашқы FAI World Drone Soccer Championships жарысында Қазақстан құрамасы Сингапур, Испания және Өзбекстанды жеңіп, үздік бестіктен орын алды.

Ширек финалда қазақстандық жас спортшылар Қытай құрамасының финалистеріне жол берді.
Ұйымдастырушылар біздің команданы ерекше атап өтті — бүкіл чемпионаттағы ең жас құрама болды және командалық рухымен көзге түсті.
Құрама және жаттықтырушылар:
Бапкерлер: Қайсар Есенғали, Александр Шимановский, Шерзод Ангуров, Айбек Миргалиев.
Командалар: Орал қ. ОБТШО, Атырау және Шымкент қалаларындағы Farabi International School оқушылары.
Бұл жеңіс Aspandrone @aspandrone және серіктес оқу орындарының қолдауымен мүмкін болды.
«Біздің құрама Қазақстанда дрон-білім беруді және дрон-спортты дамыту үшін елеулі потенциал бар екенін тағы да дәлелдеді. Біздің жастарымыз әлемдік деңгейде бәсекеге түсуі үшін жүйелі дайындықты, инфрақұрылымды құру және қатысушыларды қолдау маңызды», - деп, атап өтті Aspandrone басшысы және Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайсар Есенғали.
БҚО қоғамдық даму басқармасының баспасөз қызметі