Вокзал ғимараты 1893 жылы салынған. Яғни, бұл жер Қазақстан темір жолынан да бұрын пайда болған станциялардың қатарында.
Тасқала теміржолы Рязань–Орал бағытындағы «Покровская слобода – Орал» желісін салу кезінде тұрғызылған.
Ал оның алғашқы атауы — Шипов.
1913 жылы станцияның негізгі жүгі — астық, шөп, мал болған.
Сонымен қатар ағаш пен мұнай өнімдері жеткізіліп тұрған.
Ол кезең үшін бұл станция аймақ экономикасының нағыз ортасына айналды деуге болады.
Уақыт өтіп, атаулар жаңарып, ел дамыды.
2017 жылы Үкімет қаулысымен Шипов станциясының атауы ресми түрде Тасқала болып өзгертілді.
Фотоға түсірген: Мейірбек Тажқұранов
