Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтары!
25 қараша күні Батыс Қазақстан облыстық терроризмге қарсы жедел штабының негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес 5517 әскери бөлімінің аумағында әскери қалашыққа жасалған шабуылды тойтару мақсатында өзара әрекеттесетін органдардың қатысуымен тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өтті.

Сурет: pexels.com
Осыған байланысты азаматтарды өткізілетін оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға, мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға және халық арасында жалған ақпарат таратпауға шақырамыз.
БҚО ТҚЖШ-нің БАҚ-пен өзара іс-қимыл тобы