25.11.2025, 23:00
Оқылды: 58

Қырғызстанда жүргізуші куәлігіне арналған емтиханды жасанды интеллект қабылдайды

Қырғызстанда 2026 жылдан бастап жүргізуші куәлігіне арналған теориялық емтиханды жасанды интеллект қабылдайды, деп хабарлайды Кабар.

9e7f8557-2f57-48c4-851f-4e5a7c519b98

Фото: freepik 

2026 жылдан бастап жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтиханды жасанды интеллект қабылдайтын болады. Бұл туралы Қырғыз Республикасының Президенті істерін басқарушы Қаныбек Туманбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, жаңа жүйе адами факторды толықтай болдырмай, барынша ашықтық пен дәлдікті қамтамасыз етеді.

— Азамат емтиханға келіп, компьютер арқылы 5 сұраққа жауап береді. Егер дұрыс жауап берсе, жүйе автоматты түрде нәтижесін шығарып, жүргізуші куәлігі беріледі. Ешқандай араласу болмайды, — деді Туманбаев.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале