26.11.2025, 16:00
Оқылды: 29

Екінші азаматтықты жасырғаны үшін жауапкершілікке тартылды

Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі арнайы соты екінші азаматтықты жасырған азаматшаны жауапкершілікке тартты. Бұл туралы БҚО соттарының ресми сайты жазды. 

5273956691596742749
Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты азаматша В.-ға қатысты әкімшілік істі қарады. Оның 2022 жылдың қыркүйегінде алған Ресей Федерациясының азаматтығы бар екені анықталған, алайда ол бұл туралы уәкілетті органдарға уақытылы хабарламаған.
Іс ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 2-бөлігінде көзделген, өзге мемлекеттің азаматтығы туралы уәкілетті органдарға хабарламау дерегі бойынша қозғалған.
Сотта азаматша шетел азаматтығын алғаннан кейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын хабарлау жөніндегі заңмен бекітілген міндетін орындамағаны анықталды.
Сот отырысында құқық бұзушы В. өз кінәсін толық мойындады, бұл жағдай сотпен жеңілдететін мән-жай ретінде ескерілді.
Барлық мән-жайларды ескере отырып, сот азамат В.-ны ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 393 200 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салу туралы қаулы шығарды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале