27.11.2025, 17:15
Оқылды: 72

БҚО Полиция департаментінде “Адал азамат” және “Заң мен тәртіп” қағидаттары аясында семинар-кеңес өтті

Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінде “ҚР Ішкі саясатының негізгі қағидаттарын, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы” ҚР Президентінің Жарлығын жүзеге асыру шеңберінде семинарлық кеңес ұйымдастырылды.

1ad0bd98-4f65-45f3-a3f8-af1afe02c6fc

Кеңеске ішкі істер органдарының ардагерлері, Полиция және Әділет департаменттерінің қызметкерлері, тәлімгерлер мен жас мамандар, сондай-ақ ардагерлер мен әжелер кеңесінің төрайымы қатысты.

33e311a1-1275-4651-9340-e1063fb64529

Іс-шараның мақсаты – “Адал азамат” және “Заң мен тәртіп” қағидаттарын насихаттау, жас қызметкерлерге патриоттық тәрбие беру, құқықтық мәдениетті арттыру және қоғамда заң үстемдігін қамтамасыз ету.

e45d2a12-99f1-4b0f-98f4-65a346a946fe

Жиында БҚО ПД бастығының орынбасары Нұрмахан Жалғасов сөз сөйлеп, әділетті әрі қауіпсіз қоғам құруда әр қызметкердің адалдығы мен заңға деген құрметі басты қағида болуы тиіс екенін атап өтті.

dee0e9fa-cfce-4d97-b02d-40c1eafdb6e4

Ардагерлер жас буынға өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, ел игілігі үшін адал еңбек етудің маңызын жеткізді. Олар жастарды жауапкершілікке, кәсіби тәртіпке және отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңызын ерекше атап өтті.
Сонымен қатар ардагерлерге Полиция департаменті бастығының атынан алғыс хаттар табысталды.
Кеш концерттік бағдарламамен аяқталды.

 

БҚО Полиция департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале