28.11.2025, 12:30
Оқылды: 107

Оралда жалған нөмір тағылған көлікті жүргізген әскери қызметші жауапқа тартылды

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөнінде соты жалған мемлекеттік тіркеу нөмірі тағылған көлікті басқарған әскери қызметшіге қатысты істі қарады, - жазады kaz.inform.kz. 

0a46a682
Фото: kaz.inform.kz

БҚО сотының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, құқық бұзушылық Орал қаласы аумағында өткізілген жедел алдын алу іс-шаралары барысында полиция қызметкерлерімен анықталған. Бұл — ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабы 4-бөлігімен көзделген құқық бұзушылық.

Істі қарау кезінде жүргізушінің әдейі жалған мемлекеттік тіркеу нөмірі орнатылған көлікті жүргізгені белгілі болды.

Сот отырысында азамат К-ның кінәсі дәлелденді.

Сот іс материалдарын зерделей отырып, құқық бұзушылық сипатын бағалап, әскери қызметшіге қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес әкімшілік жаза тағайындауды ұйғарды.

Аталған кодекстің 32-бабына сәйкес әскери қызметшілер әкімшілік құқық бұзушылықтары үшін тәртіптік жарғылар бойынша жауаптылыққа тартылады. Бірақ оларға әкімшілік қамау түріндегі жаза қолданылмайды.

— Осыған байланысты сот азамат К-ны кодекстің 590-бабы 4-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Кодекстің 32-бабы 2-бөлігі негізінде 608-баптың 1-бөлігімен көзделген негізгі жаза — әкімшілік қамаудан босатып, көлік құралын басқару құқығынан 1 жыл мерзімге айырды. Іс материалдарының көшірмелері кінәлі қызметшіні тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесін шешу үшін БҚО полиция департаментіне жолданды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ, — деп хабарлады ведомстводан.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале