28.11.2025, 16:00
Оқылды: 48

Қазір ипотека алу керек пе — Ұлттық банк басшысының кеңесі

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов ипотеканың қазіргі шарттарына қатысты пікір айтты,  - деп жазады Kazinform

3f3b5d09-70e4-
Коллаж: Kazinform 

— Осы жайында бірнеше рет айтқан едім. Өзімнің өмірлік тәжірибеме сүйене отырып, жоғары несие мөлшерлемесі жағдайында ипотека алуға асықпау керек. Себебі, үстеме төлемді еңсеру қиынға түседі. Мәселен, нарық мөлшерлемесі 10-12 пайыз болған кезде, ипотека алудың айырмашылығы сезіледі. Ал 20-22 пайыз кезінде жағдай мүлдем басқаша, — деді Тимур Сүлейменов елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның пайымынша, пайыздық мөлшерлеме жоғары кезде тұрғындар ипотекаға қатысты мәселені егжей-тегжейлі ойлануы керек.

— Бұл тұрғыда әр адам өзі шешім қабылдайтыны түсінікті. Дегенмен, осындай шарттарды ескере отырып, ипотека алуды кейінге қалдырар едім, — деді ҰБ басшысы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале