28.11.2025, 17:45
Оқылды: 74

«Мемлекеттік қызметшілерді оқытудағы жаңа көзқарастар: өңірлік HR-мамандарға арналған серіктестік диалогы» семинар-тренингі өтті

 

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалымен бірлесе отырып, «Мемлекеттік қызметшілерді оқытудағы жаңа көзқарастар: өңірлік HR-мамандарға арналған серіктестік диалогы» семинар-тренингін өткізді.

3b246813-0d80-4722-86e7-c9088475b30e (1)

Аталған шараға облыс, қала, аудан әкімі аппараттарының, облыстың басқармалардың, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің персоналды басқару қызметі басшылары мен кадр жұмыстарына жауапты мамандары қатысты.

Іс-шараның мақсаты мемлекеттік қызметті өткеруге байланысты мәселелелрді талқылау мен өңірлік HR-мамандарының кәсіби тәжірибелерін арттыруға, тәжірибе алмасуға бағытталды.

Департамент басшысы Мұрат Байсалов мемлекеттік органдардағы HR-мамандарының кәсіби біліктіліктерін шыңдауда осындай шаралардың қосар үлесі үлкен екенін атап өтті.

Іс-шара барысында мемлекеттік қызметті өткеруге қатысты бірқатар мәселелер талқыланды, оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалауда, тағылымдама, оқу жұмыстарын ұйымдастыруда заңнама талаптарының қатаң сақталуына назар аудару, оған қоса, ротация мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында алдын ала тиісті жұмыстарды ұйымдастыру, кадр ауысушылығы, конкурссыз іріктеу, мемлекеттік қызметті өткерудегі жиі кездесетін заң бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыға салынды.

43a4f866-f074-45ef-8eca-6e1ec7bd90c4

Іс-шара Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының оқытушы, тренерлерінің «Адами ресурстарды басқару институты. Құзыреттерді бағалау және талант менеджмент секторының ұйымдастыруымен өткізілетін «Ассессмент» құралын пайдалану және маңыздылығын түсіндіру», «ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының
БҚО бойынша филиалының 2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстары мен олардың біліктілігін арттыру семинарларының күнтізбесі бойынша мәселелер» және «Сенімді коммуникация және персоналмен жұмыс істеудің заманауи тәсілдері» тақырыптарындағы дәрістерімен жалғасты.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале