Бұл мәселе Зеленов ауданының әкімі Кәрім Жақыповтың Чиров ауылында өткен халық алдындағы есебінде талқыланды.
Жиында ауыл халқы мектеп жабылып қала ма деп алаңдайтындарын айтты қорқытады. Бұл мәселемен әбден таныс екендігін айтқан аудан әкімі Кәрім Каримоллаұлы: «Ауыл мектебінің жабылмағанын қалаймыз. Мектепті жауып тастау оңай, қайта ашу қиын болмақ. Аталған мәселе күн тәртібінен түсірмей келеміз. Тіпті ауданға жұмыс сапарымен келген ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары алдында да бұл мәселені қойдық. Мектептің жабылуына жол бермеуге тырысамыз,-деді.
Ал ауылдағы медпункттің әлі күнге көгілдір отынмен қамтылмай отырғандығын айтқан тұрғындар сұрағына ауыл әкімі: -Медпункттің әлі күнге дейін газсыз отырғанын айтып барлық жерге бардым. Болашақта медпункт жанынан арнайы от жағатын орын салып, бұл мәселені шешетін боламыз,-деген жауап қайырды.
Түгелбай Бисен,
Зеленов ауданы