1.12.2025, 12:30
Оқылды: 33

Теннисші Зарина Диас Australian Open турниріне іріктеуден өтті

"Қазақстандық теннисші Зарина Диас 2026 жылғы Австралия ашық чемпионатының негізгі кезеңіне жолдама алды", - деп хабарлайды ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті.

1764572147

Фото: olympic.kz

Отандасымыз Қытайда өткен The Australian Open Asia-Pacific іріктеу турнирінде осындай мүмкіндікке қол жеткізді. Осы жарыстың жеңімпазы Australian Open турнирінің негізгі кезеңіне wild card алу мүмкіндігіне ие болатын.

Іріктеудің финалында Зарина Тайбэй өкілі Лян Эньшуомен кездесіп, 6:3, 6:4 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Айта кетейік, Зарина Australian Open жарысында 2014, 2015, 2020 және 2021 жылдары үшінші айналымға дейін жеткен.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале