1.12.2025, 22:00
Оқылды: 36

Өнегеде құрылған жаңа бөлім қысқы жол күтімін күшейтпек

Қылышын сүйреп қыс та жақындап келеді. Жәнібек ауданының негізгі нысандары мен жол шаруашылығының қысқы маусымға дайындығы қандай деңгейде?

image-01-12-25-08-53-3

Осы сұраққа жауап алу мақсатында бүгін аудан әкімі Тимур Шиниязов бастаған басшылық құрам Өнеге ауылында жаңадан бой көтеріп, негізі қаланған 41-ші жол пайдалану басқармасының жол пайдалану бөліміне арнайы барып, қысқы дайындық барысымен танысты.

image-01-12-25-08-53-2
Бөлімнің учаске басшысы Манарбек Әдиев қысқы кезеңге әзірлік жұмыстары туралы жан-жақты баяндап, қазіргі атқарылып жатқан жұмыстарды көрсетті. Оның айтуынша, бөлім аумағында инертті материалдарды сақтауға арналған салқын қойма және арнайы техникаларды орналастыруға арналған жылы ангар салынған. Бүгінде аталған ангарға 160 тонна тұз аралас құм жеткізілген. Сондай-ақ мекеме жергілікті жерден 7 тұрғынды жұмыспен қамтып отыр.

image-01-12-25-08-53-1
Қазіргі таңда арнайы құм себетін 2 КамАЗ бен 1 Газель техникасы толық жұмыс режимінде қызмет көрсетуге дайын. Алдағы күндері бөлімге жүк тиегіш пен жол тегістегіш техникалардың жеткізілуі жоспарланған. Техникаларды үздіксіз жанар-жағармаймен қамту үшін аумаққа модульді жанар-жағармай станциясы орнатылған.
Жол пайдалану басқармасының бұл жаңа бөлімі жақында ғана құрылғандықтан, қажетті инфрақұрылыммен толықтырылуда.
Бөлім 72-шақырымнан 158-шақырымға дейінгі республикалық маңызы бар жол учаскесіне жауапты.

image-01-12-25-08-53
Бұған дейін аталған жол бөлігін Казталов ауданындағы бөлім қарайтын. Енді жаңа бөлімнің іске қосылуы жол күтімін анағұрлым жеделдетіп, қызметтің қолжетімділігін арттырмақ. Бұл алдағы қыс мезгілінде жолдардың қауіпсіздігіне сенімді болуға негіз береді.

Арай Сейфолла
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале